Конституциялық өзгерістерді талқылау барысында енгізілетін түзетулер адамның жеке құқықтарының қол сұғылмаушылығы қағидатын күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру өзге адамдардың құқықтарын, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік құндылықтарын бұзбауы тиіс екендігі туралы нормалар бекітілетіні айтылды.
Бұл тәсіл бала құқықтарын қорғау мәселесінде ерекше маңызға ие, өйткені ол баланың қауіпсіз ортада дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады. Балалардың құқықтарының бұзылуының алдын алу, құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу және тұлғаға құрмет мәдениетін нығайту мемлекет, қоғам және отбасы үшін әрдайым басым бағыт болып қала беруі тиіс. Алда — референдум. Бұл аяқталу емес, заман талабына сай даму жолымыздың жаңа кезеңі. Ол біздің азаматтық кемелдігімізді, жауапкершілігімізді және конституциялық әділеттілікке ұмтылысымызды айқындайтын маңызды қадам болсын.
Қаралым саны: 45


















