Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Сәбилер үйі» КММ барып, тәрбиеленушілер мен ұжымды Жаңа жыл мерекесімен жеке өзі құттықтады.
Сіздің қатысуыңыз бен сыйлықтарыңыз балалар үшін шынайы қуаныштың, жағымды эмоциялардың және жақсылыққа деген сенімнің қайнар көзіне айналды. Әсіресе мемлекет тарапынан және олардың өміріне белсене араласып жүрген жандардың назарын сезіну балалар үшін аса маңызды.
«Сәбилер үйі» КММ Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне тәрбиеленушілерімізге көрсеткен ықыласы, қамқорлығы және жылы лебізі үшін шынайы алғыс білдіреді. Осындай қамқорлықтың арқасында кішкентай бүлдіршіндеріміздің балалық шағы нұрланып, бақытқа толы бола түсуде. Ерекше қорғау мен назарды қажет ететін балаларды қолдауға және мерекелік көңіл-күй сыйлауға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз.
Қаралым саны: 110



















