Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Сәбилер үйі» КММ-нің директоры Кашенцева Светлана Тимофеевна және ұжымы сіздерді 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Жеңіс күні – бұл жүрекке түскен қайғы мен қуаныш көз жасы, әр отбасының жадына мәңгі сақталған қасиетті естелік. Бұл күн бізді біріктіріп, кез келген сынақта жеңілмейтін ететін рухтың символы. Фашизмге қарсы соғыс – адамзат тарихындағы ең қанды, ең қатал соғыс төрт жыл бойы жалғасты. Әр отбасыға қайғы-қасірет келді, бұл соғыс ешкімді айналып өтпеді.

Біз Отан үшін, өмір үшін жанын қиған ата-аналарымыздың, аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігін, қайсарлығын, батырлығы мен батылдығын ұмытпаймыз, құрметтейміз!

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1945 жылғы 9 мамыр – барша ұрпақ үшін қасиетті күн, теңдессіз ерліктің символына айналды! Ұлы Отан соғысының әрбір жауынгерінің есімі адамзат тарихына алтын әріптермен жазылды. Халық бұл жеңіске халықтар достығының, бірліктің және рухтың мызғымас күші арқасында жетті.

Жеңімпаз ұрпақ, сіздерге мың тағзым! Сіздердің жауынгерлік, еңбек және азаматтық ерліктеріңіз Жеңісті адамзат тарихына мәңгілікке жазды!


 

08.05.2025
Қаралым саны: 37
egovАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіӘділет4 fms_rusСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rus