Хабарландыру

Осы жарқын да ерекше мереке — Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің қолдауларыңыз — жай ғана көмек емес. Бұл — қамқорлық, жылулық және жақсылыққа деген сенім. Сіздердің арқаларыңызда біздің Балалар үйіміз одан сайын жайлы, қуанышты әрі нұрлы бола түсуде. Сіздердің қатысуларыңыз балаларға күлкі, жаңа мүмкіндіктер және өздерінің қажет әрі сүйікті екенін сезінуге мүмкіндік сыйлайды.

Сіздер — жүрегі кең жандарсыздар. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бізді шабыттандырып, күш-қуат беріп, бірлесе отырып балалардың балалық шағын бақытты ете алатынымызға сенім ұялатады.

Сіздер жасаған жақсылық өздеріңізге еселеніп қайтсын — мықты денсаулық, бақ — береке және отбасыларыңызға қуаныш әкелсін.

Терең құрмет пен алғысымызды білдіре отырып, КММ «Сәбилер үйі» ұжымы мен тәрбиеленушілер.


27.02.2026
Қаралым саны: 34
egovАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіӘділет4 fms_rusСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rus