«Сәбилер үйі» КММ «Наурыз мейрамы» суреттер байқауын өткізеді

Байқау онлайн форматта, "Наурыз мейрамын" мерекелеу аясында өткізіледі және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мерекелік атмосфераны құруға, сондай-ақ Қазақстан мәдениетіне назар аударуға бағытталған. Байқауға 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін Наурыз мерекесіне, оның рәміздеріне, дәстүрлері мен әдет — ғұрыптарына байланысты суреттерді ұсыну қажет. Жұмыстар «Сәбилер үйі» КММ электрондық поштасына жіберілетін суреттер түрінде қабылданады babyhouse_petr@med.mail.kz

Байқау 05.03-20.03.2025 ж. аралығында өткізіледі.

Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау: 05.03-19.03.2025 ж. жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау: 20.03.2025. Жұмыстарды "Сәбилер үйі" КММ өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бағалайды.

Конкурстың қорытындысын шығару 20.03.2025 жыл болады.

Жүлдегерлер қатысқаны үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталады. Жеңімпаздар туралы ақпарат «Сәбилер үйі» КММ Telegram ресми арнасында жарияланады.
https://t.me/+TlTpvvQdiGM5MTYy

05.03.2025
Қаралым саны: 74
egovАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіӘділет4 fms_rusСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы4 fms_rus